Барлық шектеулер 21 маусымда алынады деп жоспарланған болатын. Алайда үкімет Ұлыбританияда коронавирустың үндістандық штаммының таралуына байланысты «тағы біршама уақыт күткен дұрыс» деп санайды. Енді шектеулер 19 шілдеде жеңілдетіледі деп күтілуде.
Премьер-министрдің мәлімдеуінше, 19 шілдеге дейін елдің барлық ересек тұрғындары вакцинаның алғашқы дозасын алады деп жоспарланған.