Балақайды кеше кешкі сегіз шамысанда тұрғындар тауып алып, патрульдік полиция батальонының қызметкерлеріне тапсырған.
Ювеналдық полиция мамандары балақайға киім-кешек, аяқ-киім және басқа да керек-жарақтарын жинап берді. Қазір ол облыстық балалар ауруханасында. Полицейлер баланың ата-анасын іздестіруде.
«Баланың туыстары жайлы қандай да бір ақпарат болған жағдайда 39-48-65 нөміріне немесе «102» арнасына хабарласуларыңызды сұраймыз. Оның ата-анасына тәрбие, білім беру бойынша міндеттерін орындамағаны, өзінің кәмелетке толмаған балаларының құқықтары мен мүдделерін қорғамағаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылатынын еске саламыз. Олар ата-ана құқығынан айрылуы мүмкін», дейді Петропавл қалалық ПБ ювеналдық полиция бөлімінің бастығы Эльмира Абушева.