Қазақстан • 16 Маусым, 2021

Қанат Мусиннің мәжілістегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

197 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Сенатының 2021 жылғы 10 маусымдағы қаулысының негізінде Мәжіліс депутаты Қанат Мусин Жоғары сот судьясы қызметіне сайланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қанат Мусиннің мәжілістегі өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды

Сондықтан заңнамаға сәйкес Қ. Мусиннің депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныс берілді.

Депутаттары ұсынымды қолдады.

«Қанат Сергейұлы, сізге Парламентте бірлесіп атқарған жұмысыңыз үшін алғыс білдіреміз. Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетін басқарып, көптеген маңызды заңдардың қабылдануына зор үлес қостыңыз. Әрдайым жүктелген міндетті абыроймен атқарып келдіңіз», деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Сондай-ақ Қанат Мусинге «Алғыс хат» табысталды.