Әлем • 16 Маусым, 2021

Чикагода атыс кезінде 4 адам қаза тапты

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Иллинойс штатындағы Чикаго қаласында болған атыс нәтижесінде төрт адам қаза тауып, тағы төртеуі жарақат алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Чикагода атыс кезінде 4 адам қаза тапты

Чикаго полициясының хабарлауынша, мылтық дауысы жергілікті уақытпен 05:45 шамасында қаланың оңтүстік бөлігіндегі Энгельвуд аймағында естілген. Оқиға орнына полиция келді. 

«Атыс үйлердің біріндегі жанжалдан кейін басталған. Төрт адам сол жерде қайтыс болды, тағы төрт адам жақын маңдағы ауруханаларға жеткізілді. Зардап шеккендердің екеуінің жағдайы ауыр», делінген хабарламада. 

Атыс болған аймақ жабық. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.