Зымыран шабуылдары Хан Юнус қаласының шығысындағы Муин ауданында және Палестина эксклавының оңтүстігіндегі Зейтун орамындағы учаскеде жасалған.
Палестинаның денсаулық сақтау министрлігі құрбандар туралы ақапарат жарияламады.
Ал Израиль қорғаныс күштері әуе шабуылдарын Газа секторынан атылған «шарларға» жауап ретінде жасалғанын хабарлады.
Айта кету керек, бұл Израиль армиясының 21 мамырдағы бітімгершіліктен кейінгі алғашқы шабуылы. 21 мамырға қараған түні Израиль мен палестиналық ХАМАС қозғалысы арасында «бір уақытта және өзара атысты тоқтату» туралы келісім күшіне енген еді. Ол кезде келісім Мысырдың делдалдығымен жасалды.