«Өрттің таралуын және қайталануын болдырмау үшін газбен жабдықтау процесі кілт тоқтатылды және апаттық жағдайға байланысты қондырғы толық ажыратылды. Сағат 23.52-де өрт толығымен сөндірілді. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ», дейді компанияның баспасөз қызметі.
Өртті сөндіруге ҚазГӨЗ, «Өзенмұнайгаз» АҚ және облыстық төтенше жағдайларды департаментінің 5 өрт сөндіру тобы жұмылдырылды.
Жеке құрамның, сондай-ақ Жаңаөзен қаласы мен жақын елді мекен тұрғындарының өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жоқ.
Қазіргі уақытта өрттің салдарын жою жұмыстары жүргізіліп, өрттің себептері анықталып жатыр.
«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ-да компанияның басқарма төрағасы Алик Айдарбаевтың басшылығымен жедел штаб құрылды. Жедел штабтың құрамына тиісті құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері кірген.