Аймақтар • 17 Маусым, 2021

«Локомотив құрастыру зауытының» жұмысы қалай жүріп жатыр?

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ басшылығымен көшпелі кездесу өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Локомотив құрастыру зауытының» жұмысы қалай жүріп жатыр?

Зауыт жетекшілігі ИИДМ басшысын кәсіпорынның негізгі өндірістік цехтарының жұмысымен таныстырды. Айта кетейік,  мұнда тартқыш жылжымалы құрамның жылына 100 бірлігі шығарылады.

General Electric Transportation компаниясының лицензиясы мен технологиясы бойынша жүк, жолаушылар және маневрлік тепловоздар өндірісі 2010 жылдан басталған болатын.

Бүгінгі күні зауытта жүк (ТЭ33АС), жолаушылар (ТЭП33А) және маневрлік (ТЭМ11А) тепловоздары шығарылады.

Отандық өнімнің негізгі артықшылықтарына келер болсақ, қызмет ету мерзімі мен жөндеу аралық кезенінің ұзақтығы, орнатылған өзіндік диагностикалау жүйесі және бос жүрістегі дизель отынының аз шығыны болып табылады.

Кәсіпорын іске қосылған сәттен бастап 416 тепловоз өндірілген. Оның 35-і Тәжікстанға, Әзірбайжанға, Түркіменстанға, Украинаға, Қырғызстан мен Молдоваға экспортқа шығарылды.

Кездесу барысында «Локомотив құрастыру зауыты» АҚ президенті Марат Тілеубаев барлық локомотивтердің техникалық сипаттамалар мен қауіпсіздікке сәйкестігін тексеру мен сынаудың толық циклынан өтіп жатқанын атап өтті. Өндіріс ошағында 570-тен астам жұмыс орны ашылған.

Жалпы, 2010 жылдан бастап 11 мыңнан астам торап пен  бөлшек оқшауландырылды. Бұл құрамдас бөліктердің жергілікті қамтудың 74% -дан астам деңгейіне жетуге мүмкіндік берді.

Бейбіт Атамқұлов кәсіпорынның экспорттық әлеуетін дамытуға баса назар аудару қажеттілігін алға тартты.