Аймақтар • 17 Маусым, 2021

БҚО-да жедел жәрдем көлігі экскаватормен соқтығысты

159 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Батыс Қазақстан облысында жедел жәрдем көлігі экскаватормен соғысып, екі адам ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

БҚО-да жедел жәрдем көлігі экскаватормен соқтығысты

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға 16 маусым күні сағат 18.15-те Орал-Тасқала жолының 26-шақырымында болды.

«УАЗ» (жедел жәрдем) көлігінің 35 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етпеген. Сөйтіп алда 1973 жылғы жүргізуші айдап бара жатқан трактор - экскаватормен соқтығысуға жол берген.

Жол апаты салдарынан «УАЗ» автокөлігінде отырған 1966 және 1981 жылғы әйел адамдар Орал қаласындағы облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.

Көліктер арнайы тұраққа қойылды. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 1-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.