Аймақтар • 17 Маусым, 2021

Атырауда заң бұзған 61 шетелдік елден шығарылды

169 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атыраудың облысының аумағында көші-қон заңнамасын бұзған 61 шетелдік елден шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырауда заң бұзған 61 шетелдік елден шығарылды

Облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтың мәліметінше, бұл дерек «Мигрант» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталып отыр.

«Полиция қызметкерлері еліміздің көші-қон заңнамасын бұзудың​ 1 514​ дерегін анықтады. Оның ішінде​ ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық Кодексінің 517-бабымен 1185​ шетелдікке әкімшілік шаралар алынды», дейді Қамза Үмбетқалиев.

Оның мәліметіне қарағанда, көші-қон заңдылықтарын бұзғаны үшін сот шешімімен​ 61​ шетелдіктерді елден шығару ұйымдастырылған. Полиция қызметкерлерінің бақылауымен 15 өзбекстандық пен Тәжікстан Республикасының 1 азаматын​ мәжбүрлі түрде Түркістан облысының Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» бақылау-өткізу бекеті арқылы шығарылған.​

«Бұған қоса, көші-қон саласындағы заңнаманы бұзған және шетелдік жұмыс күші  мен еңбекші көшіп келушілерді арнайы заңдылықты бұза отырып тартқан​ еліміздің 329​ азаматы мен заңды тұлғалары әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жеке басын анықтайтын құжатсыз жүрген​ ТМД елдерінің 144​ азаматы қабылдау-тарату орнына тапсырылды», дейді Қамза Үмбетқалиев.