Қоғам • 17 Маусым, 2021

725 мыңға жуық адамға жәрдемақы берілді

218 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қаңтар-мамыр айларында міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар саны 5,7 млн адамды құрады. Түскен әлеуметтік аударым мен өсімпұл сомасы 126,5 млрд теңгеге жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

725 мыңға жуық адамға жәрдемақы берілді

Осы кезеңде шамамен 725 мың адам Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жалпы сомасы 131,8 млрд теңгеге әлеуметтік төлем алған.

Атап айтқанда, жоғарыда көрсетілген кезеңде МӘСҚ-тан мынадай төлемдер жүзеге асырылды:

- бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді 60,7 млрд теңге сомасына 430 862 адам алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59% - ға артық;

- жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлемді 45,1 млрд теңге сомасына 92 739 адам алды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 36% артық;

- 64 440 адам 7,8 млрд теңге сомасына жұмысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 2 есеге артық;

- асыраушысынан айырылған жағдайда берілетін әлеуметтік төлемді 51 749 адам 7,2 млрд теңге сомасына алды, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 21%-ға артық;

- еңбек ету қабілетінен айырылған жағдайда 85 343 адам 11,1 млрд теңге сомасына әлеуметтік төлем алды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 11%-ға артық.