Қазақстан • 18 Маусым, 2021

Бәсекеге қабілеттілік бойынша әлемде 35-ші орындамыз

3185 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Кеше Халықаралық менеджментті дамыту институтының (IMD, Лозанна, Швейцария) Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы 2021 жылдың әлемдік бәсекеге қабілетті елдерінің рейтингісін жариялады. Бұл рейтингте Қазақстан 35-орында тұр.

Бәсекеге қабілеттілік бойынша әлемде 35-ші орындамыз

 

Ұлттық экономика министр­лігінің ресми сайтында жа­рия­ланған мәліметке сүйен­сек, IMD рейтингісі дегені­міз – «Эко­номикалық қыз­мет», «Үкі­мет тиімділігі», «Биз­нес­тің тиім­ділігі» және «Инфра­құ­ры­лым» фак­тор­ларын есепке ала оты­­рып, бәсекеге қабілеттілікті ба­ға­лай­тын кешенді зерттеу нә­ти­жесі.

Биылғы зерттеуге әлемнің 64 елі алынған. Рейтингте жетек­ші орынға Швейцария ие. Үздік бестікке Швеция, Дания, Ни­дер­ланд және Сингапур кірген.

2021 жылдың зерттеу нәти­желері бойынша Қазақстан 2020 жылғы рейтингпен салыс­тырғанда 7 тармаққа көтеріліп, 35-орынды иеленген. Осылайша, біздің ел Португалия (36-орын), Индонезия (37-орын), Латвия (38-орын), Испания (39-орын), Словения (40-орын), Үндістан (43-орын), Ресей (45-орын), Түркия (51-орын) сияқты елдердің алдына шықты.

«Биыл Қазақстан рейтингтің барлық факторы бойынша өз позициясын жақсартты. «Үкіметтің тиімділігі» факторы бойынша Қазақстан өз позициясын 8 тармаққа жақсартып, 21-орынға тұрақтады. Жалпы, 5 субфакторда да еліміздің позициясы көтерілген. Атап айтсақ, «Мем­лекеттік қаржы» – 19-орын (4-по­зицияға жақсарды), «Салық сая­саты» – 5-орын (11 позицияға жақсарды), «Институционалдық орта» – 46-орын (4 позицияға жақ­сарды), «Бизнес туралы заңнама» – 25-орын (3 позицияға жақсарды) және «Қоғамдық құрылыс» –

29 -орын (9 позицияға жақсарды)», де­лін­ген министрліктің мәліме­тінде.

«Бизнестің тиімділігі» фак­торы бойынша Қазақстан пози­циясының 6 тармаққа – 28-орынға дейін жақсарғаны байқалады. Осы фактор аясында 4 субфактор бойынша көрсеткіштер жақсарған. Қазақстанның «Еңбек нарығы» субфакторы бойынша позициясы – 20-орын (12 позицияға жақсарды), «Қаржы» – 46-орын (1 позицияға жақсарды), «Менеджмент практикасы» –

13-орын (6 позицияға жақсарды), «Қатынастар мен құндылықтар» – 23-орын (6 позицияға жақсарды).

Ал «Экономикалық қызмет» факторы бойынша Қазақстан үш позицияға көтеріліп, 45-орынға ие болды: «Ішкі эконо­мика» – 37-орын (4 позицияға жақ­сарды), «Халықаралық сауда» – 58-орын (2 позицияға жақ­сарды), «Сыртқы инвестиция­лар» –

47-орын (1 позицияға жақ­сарды), «Жұмыспен қамту» – 24-орын (9 позицияға жақсарды) және «Бағалар» – 13-орын (3 позицияға жақсарды).

«Инфрақұрылым» факторы бойынша Қазақстан төрт пози­цияға көтеріліп, 47-орынды иеленді. Үш субфактор бойын­ша позицияларды көтеру жақсы нәтиже көрсеткен: «Базалық инфрақұрылым» – 25-орын

(6 позицияға жақсарды), «Ғы­лыми инфрақұрылым» – 57-орын (1 позицияға жақсарды), «Ден­саулық сақтау және қоршаған орта» – 55-орын (2 позицияға жақсарды).

Респонденттердің пікірінше, Қазақстан экономикасының не­ғұрлым тартымды бес факто­рының қатарына қолайлы бизнес-орта (респонденттердің

60%-ы), экономиканың сер­пін­ділігі (46,4%), қаржылық жағ­дайға қол­жетімділік (45,5%), сая­саттың тұрақтылығы мен бол­жамдылығы (42,7%) және салық жүйесінің бәсекеге қабілеттілігі аталған (40,9%).

Бұған дейін Boston Consulting Group Sustainable Ecot Asnomic Developmensessment 2021 (08.06.2021 ж.) жаңартылған зерт­теуі барысында Қазақстан экономикасына берген бағасын жоға­рылатқан еді. Зерттеу нәти­жесі экономикалық орнық­ты­лық, инфрақұрылым сапасы, мем­лекеттік институттар мен қыз­меттер сынды салалар бойынша сараланған.