Қазақстан • 18 Маусым, 2021

Парламент депутаттары ҮЕҰ Республикалық қолдау орталығымен танысты

226 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» алаңында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Вера Ким, Қанат Нұров, Дания Еспаева, Тілектес Адамбеков, Айгүл Құспан, Ирина Унжаковамен бейресми кездесу өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Парламент депутаттары ҮЕҰ Республикалық қолдау орталығымен танысты

Ақпарат және қоғамдық даму Вице-министрі Б. Тілепов ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар және жалпы азаматтық қоғамды дамыту саласында жетілдіру бойынша қандай жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқаны туралы айтып берді.

Ол, ҚР Парламенті Мәжілісіне волонтерлік және қайырымдылық қызмет, гранттық қаржыландыру мәселелері бойынша заң жобасын енгізу жоспарлануда екендігін айтты.

в

Үкіметтік емес сектор тарапынан кездесуге қатысушылар депутаттарды өз қызметімен таныстырды. Атап айтқанда, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының төрағасы Лима Диас, Қазақстанның Азаматтық альянсының президенті Бану Нұрғазиева, Волонтерлер фронт-кеңсесінің басшысы Татьяна Миронюк сөз сөйледі.

в

Өз кезегінде Мәжіліс депутаттары азаматтық бастамаларды қолдау жөніндегі қызметті заңнамалық тұрғыда жетілдіру бойынша ой-пікірлерімен бөлісті.

«Заң жобасы бойынша жұмыс тобы құрылған кезде, оның алдында, депутаттар үшін осындай форматта кездесуді ұйымдастыру керек, олар біз сияқты салаға үңіліп, терең түсіну тиіс», деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дания Еспаева.

в

Б.Тілепов үкіметтік емес сектор тарапынан консультациялар, әдіснамалық көмек, түсіндірмелер алуға сұраныс — АБҚО негізінде Республикалық ҮЕҰ қолдау орталығын құруға себеп болғанын атап өтті.

а

Коворкинг орталық қажетті техникамен жабдықталған, ол онлайн кездесулер, Digital-таныстырылымдар өткізуге мүмкіндік береді, онда әлеуетті және грант алушылар үшін консультациялар, сондай-ақ ҮЕҰ сұрауы бойынша басқа да іс-шаралар өткізіледі. Азаматтық сектормен жұмыстың осындай форматы азаматтық қоғамның өсіп келе жатқан сұраныстарын тиімді және жедел шешуге ықпал етеді деп болжануда.