Оқиға • 18 Маусым, 2021

Сот академиялық орыс драма театрының басшыларына қатысты үкім шығарды

884 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының басшыларына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сот академиялық орыс драма театрының басшыларына қатысты үкім шығарды

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров онлайн брифингіде айтты.

«Нұр-сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық сотының үкімімен Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының директоры 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Директордың орынбасары 2 жылға шартты түрде, «Ади-Жан» ЖШС директоры 8 жылға, «Астана-Көкше» ЖШС директоры 8 жылға, «АДС-Сапа» ЖШС техникалық қадағалау сарапшысы 7 жыл 6 айға, «СТ-Инженеринг» ЖШС техникалық қадағалау сарапшысы 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды», деді Данияр Бекайдаров.

Оның айтуынша, аталған азаматтардың үстінен театр ғимаратына күрделі жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу кезінде жалпы сомасы 402 млн теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.