Аймақтар • 18 Маусым, 2021

ШҚО-да мемлекеттік мекеме есепшісі 2 млн теңге бюджет қаржысын жымқырған

587 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы Жарма аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің есепшісі 2 млн теңге жымқырған, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да мемлекеттік мекеме есепшісі 2 млн теңге бюджет қаржысын жымқырған

Бұл жайлы ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Ерлан Жалмағамбет онлайн форматта өткен жиын барысында айтты.

«Жарма аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің есепшісі 2011-2019 жылдар аралығында өзінің карточкалық шотына 2 млн теңгені аудару арқылы бюджет қаражатын жымқырған. Бұл қылмыстың жасалуының негізгі себептерінің бірі – тікелей басшының алдын алу шараларын қолданбауы және дұрыс бақылау жасамауы», деді ол.

Оның айтуынша, Жарма ауданының әкімдігі мен жергілікті мемлекеттік органдардың басшылығы осыған ұқсас құқық бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында практикалық іс-шаралар өткізіп, қызметкерлеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама ережелерін түсіндіруі қажет.

Бұдан бөлек, Жарма аудандық білім бөлімінің және сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының бухгалтерлік есеп жүргізуіне жыл сайынғы тексеру кестесі бекітіледі.