Тағайындау • 18 Маусым, 2021

Айыртау ауданына жаңа әкім тағайындалды

410 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау ауданына басшы болып Бекшенов Ерболат тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айыртау ауданына жаңа әкім тағайындалды

Ерболат Мұратұлы бұған дейін СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының жетекшісі болып еңбек етті.

Ерболат Бекшенов 1973 жылы туған, Орталық Азия университетiн экономист мамандығы бойынша бiтiрген.

Еңбек жолын «Бекшенов» шаруа-фермерлiк қожалығы басшысының орынбасары болып бастады.

«Ет» ЖШС-де маркетинг бөлiмiнiң меңгерушiсi, Тайынша ауданындағы Донецк ауылдық округiнiң әкiмi, Мамлютка қаласы әкiмiнiң орынбасары, Мамлют ауданы әкiмiнiң орынбасары қызметтерiн атқарды.

2014-2018 жылдары Мамлют ауданының әкімі болып жұмыс істеді.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше