Футбол • 18 Маусым, 2021

EURO-2020: Хорватия мен Чехия тең түсті

150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Еуропа чемпионатында D тобында өнер көрсетіп жатқан Хорватия мен Чехия құрамалары жасыл алаңда жолықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

EURO-2020: Хорватия мен Чехия тең түсті

Екінші тур ойындары аясында өткен кездесуде құрама командалардың күштері тең болды.

Глазгодағы (Шотландия) «Хэмпден Парк» стадионында өткен кездесуде футболшылар көпшілік жанкүйердің көңілінен шығатындай ойын көрсетті. Бірінші таймда «Шақпақ жейделі» елдің ойыншылары белсенді ойнап, қарсылас қақпаның маңында қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, бәрібір есепті Чехия құрамасы ашты. Ойынның 33-минутында бұрыштамадан асырылған допқа талас кезінде хорватиялық футболшы Патрик Шикке қарсы ойын тәртібін бұзды. Бұл жағдайға екі ойлы болған бас төреші ВАР-дың көмегіне жүгініп, соңында Чехия қақпасына пенальти белгіледі. Шотландияға қарсы өткен ойында екі гол соғып, командасына маңызды үш ұпай сыйлаған Патрик Шик 11 метрлік айып добынан мүлт кеткен жоқ.

Ал екінші таймда Словения ойыншылары басымдық танытқанымен, 47-минутта Хорватия құрамасы таразы басын теңестіріп кетті. Гол авторы – Иван Перишич. Бір қызығы, 32 жастағы шабуылшы алаңға екінші таймның басында, яғни 46-минутта шыққан болатын. 1:1 есебі матч соңына дейін өзгерген жоқ.

Осылайша биылғы Еуропа чемпионатында тұңғыш голын соғып, алғашқы ұпайына қол жеткізген Хорватия турнир кестесінде үшінші орынға көтеріліп алды. Ал Чехия құрамасы 4 ұпаймен көш бастап келеді.