Футбол • 19 Маусым, 2021

EURO-2020: Британия дербиі тең аяқталды

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

D тобының екінші кездесуінде Англия мен Шотландия құрамалары жасыл алаңда жолығып, бір-бірінің қақпасына гол соға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

EURO-2020: Британия дербиі тең аяқталды

Лондондағы «Уэмбли» стадионында өткен Британия дербиінде ағылшындар шабуылдың, шотландиялықтар қорғаныстың озық үлгісін көрсетті. Дегенмен кездесудің бірінші бөлігі Англияның аздаған басымдығымен өткенімен, екінші таймда екі құрамалар тең жағдайда ойнады. Екінші 45 минутта екі ұжымда да гол соғатын бірнеше мүмкіндік болды. Алайда шабуылшылар өздеріне берілген мүмкіндікті голға айналдыра алмай, жанкүйерлерін жерге қаратты. Қорытынды есеп – 0:0.

Бүгінгі ойында екі құрама үшін де жеңіс ауадай қажет еді. Егер Англия жеңіске жеткенде мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне жолдама алатын. Ал Шотландия үш ұпайды олжалағанда, ағылшындарға тықыр таянатын еді. Десе де тең нәтиже Шотландияның оң жамбасына келетін есеп.
Екінші тур ойындарынан кейін D тобының турнир кестесіне көз жүгіртер болсақ, 4 ұпайы бар Англия мен Чехия көш басында тұрса, бір ұпайы бар Хорватия мен Шотландия үшінші және төртінші орынды бөлісіп тұр.