Келелі кеңеске 10 елдің мемлекет және үкімет басшылары, 42 елдің Сыртқы істер министрлері, халықаралық ұйым басшылары, танымал саясаткерлер, ғалымдар, бизнес және БАҚ өкілдері қатысуда. Форумда ғаламдық және аймақтық мәселелер, дағдарыстар мен қақтығыстарды шешу жолдарын қатысты тақырыптар талқыланады.
Форумды Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған ашты.
Өз сөзінде Р.Т. Ердоған әлемдегі қақтығыстар мен келіспеушіліктердің алдын алу факторы ретінде дипломатияның маңызы артып келе жатқанын атап өтті.
Аталған форумға Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі арнайы қатысып жатыр.
Анталиядағы Nest Конгресс орталығында өтіп жатқан дипломатиялық форум Түркия Президентінің қолдауымен 20 маусымға дейін жалғасады. Форумға Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу модераторлық етуде.