Қазақстан • 19 Маусым, 2021

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы ауыл тұрғындарының мәселесі шешілді - Ө.Шөкеев

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің көшпелі брифингтінде Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы ауыл тұрғындарының мәселесіне байланысты сауалға жауап берді, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан-Өзбекстан шекарасындағы ауыл тұрғындарының мәселесі шешілді - Ө.Шөкеев

«Екі мемлекеттің арасындағы шекараны анықтауда бірнеше процедура жүзеге асырылады. Кезінде демаркация өтті, бірақ делимитация толық аяқталмаған. Осыған қарамастан биыл Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкімет, сыртқы істер министрлігі, облыстық әкімшілік, аудандық әкімшілік, барлығы бірігіп, өте үлкен кешенді жұмыс атқарды. Нәтижесінде, бұрынғы шешілмей тұрған 740 га жер облыс аумағына қосылды»,  деді облыс әкімі.  


Ө.Шөкеев бұл мәселе үкіметтік деңгейде шешілгенін атап өтті. Екі ел арасында тиісті хаттама жасалды, одан кейін Үкіметтің қаулысы шықты. Қазіргі кезде аудан елді мекендегі жерді пайдалану тәртібін орнатуда, яғни жергілікті тұрғындардың барлық мәселесі шешіледі. Бәріне өз жеріне тиісті құжаттар беріледі. Сонымен қатар, шілде айында екі елді мекен де толыққанды газбен қамтамасыз етіледі.