Қазақстан • 19 Маусым, 2021

Қазақстан СІМ басшысы Анталия дипломатиялық форумына қатысты

15 рет көрсетілді

Түркия Үкіметінің шақыруымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бірінші Анталия дипломатиялық форумының жұмысына қатысты. Форумға 100-ден астам халықаралық ұйымдардың өкілдері, түрлі мемлекеттердің дипломаттары, үкіметтік емес ұйымдар мен сарапшылар қатысты, деп жазады Egemen.kz.

Ашылу салтанатында Түркия Республикасының Президенті Реджеп Тайип Ердоған сөз сөйледі. Ол өз сөзінде дипломатияның әлемдегі қақтығыстар мен келіспеушіліктердің алдын алу факторы ретіндегі маңызы артып келе жатқанын атап өтті. «Биполярлық әлемнің мұрасы адамзат проблемаларын шеше алмайды. Өткеннің әдеттері мен қалыптасқан қабылдаудың тар шеңбері адамзатты қазіргі заманғы мәселелерді шешуге жақындатпайды», деді Түркия президенті.

М.Тілеуберді «Экстремизмге және кемсітушілікке қарсы күрес» панельдік сессиясында баяндама жасап, оған сондай-ақ панелистер ретінде БҰҰ Өркениеттер Альянсының Жоғары өкілі Мигель Анхель Моратинос, «Арамейлердің дүниежүзілік кеңесінің» президенті Джонни Мессо, Мұсылмандарға қатысты төзімсіздік пен кемсітушілікке қарсы күрес жөніндегі ЕҚЫҰ Төрағасының өкілі Мехмет Пачаджи, Еуропалық комиссияның бас ғылыми кеңесшісі Альберто Меллони, Дева Мария Сирия православ шіркеуі қорының өкілі Саит Сузин қатысты.

Өз сөзінде Министр Қазақстанның этникалық және діни қағидаттар бойынша экстремизм мен кемсітушілікке қарсы іс-қимыл жөніндегі бастамалары туралы айтып берді. Атап айтқанда, ол Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі мен Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі туралы, сондай-ақ АӨСШК-тегі қазақстандық төрағалықтың басымдықтары туралы хабардар етті.

Іс-шара аясында М. Тілеуберді БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі көмекшісі Мирослав Енча, БҰҰ Өркениеттер Альянсының Жоғары өкілі М. Моратинос, Түркі кеңесінің Бас хатшысы Бағдад Әміреев, Кувейттің Сыртқы істер министрі – Министрлер Кабинеті істері жөніндегі мемлекеттік министрі Ахмед Насер ас-Сабах, Гагаузия АТБ басшысы Ирина Влах, Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Гюнай Афандиева, сондай-ақ ірі түрік бизнесінің өкілдері – TAI Мемлекеттік аэроғарыш компаниясының президенті Темел Котил және Қазақстанның Құрметті консулы, Чалык холдингінің президенті Ахмет Чалыкпен кездесті.

Соңғы жаңалықтар

Ақтөбеде қоқыс полигоны өртенді

Аймақтар • Бүгін, 19:58

Туристке де тәртіп бар

Аймақтар • Бүгін, 18:06

Доллар қайта қымбаттай бастады

Экономика • Бүгін, 11:47

Ұқсас жаңалықтар