Футбол • 20 Маусым, 2021

Испания мен Польша құрамалары тең түсті

215 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екінші турдың соңғы ойынында Испания мен Польша құрамалары тең түсті, деп жазады Egemen.kz.

Испания мен Польша құрамалары тең түсті

Есепті матчтың 25-минутында Испания шабуылшысы Альваро Мората ашты. Ол Жерар Мореноның қапталдан берген әдемі пасын қақпаға қарай ысыра салған еді.

Бұдан кейін командалар алма-кезек шабуыл жасаған. Бірақ бірінші таймның соңына дейін таблодағы көрсеткіш өзгерген жоқ. Екінші таймда Польша жауап қайтарды. 54-минутта оң қапталдан әуелете көтерілген допқа бірінші жеткен Роберт Левандовский таразы басын теңестірді.

Ойынның қалған бөлігінде есеп өзгеріссіз қалды. Алайда 56-минутта Испания құрамасы пенальти тебуге мүмкіндік алған еді. Морено тепкен доп қақпа бағанасынан кері серпілді. Оған бірінші жеткен Мората ашық тұрған қақпаны көздей алмады.

Осылайша, екінші турдан кейін «Роха фурия» екі ұпаймен топтың үшінші сатысына жайғасты. Бірінші орындағы Швеция құрамасында 4 ұпай бар. Үш ұпайы қоржында жатқан Словакия екінші орында. Топты қорытындылап тұрған Польшада 1 ұпай бар.

Голдар:
1:0 – 25 Мората, 1:1 – 54 Левандовски.

Испания – Унаи Симон, Пау Торрес, Альба, Лапорт, Родри, Льоренте, Ольмо (Ферран Торрес, 61), Коке (Сарабия, 68), Педри, Мората (Ойарсабаль, 87), Жерар Морено (Фабиан Руис, 68).

Польша – Шченсны, Беднарек (Давидович, 85), Глик, Берешиньски, Пухач, Клих (Козловски, 55), Юзвяк, Зелиньски, Модер (Линетти, 85), Швидерски (Франковски, 68), Левандовски.

Ескерту алғандар:
Клих (36), Модер (57), Юзвяк (59), Пау Торрес (81), Левандовски (90), Родри (90).