Қазақстан • 20 Маусым, 2021

Матрица: Нұр-Сұлтан әлі «қызыл» аймақта

148 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясы 20 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Матрица: Нұр-Сұлтан әлі «қызыл» аймақта

Оған сәйкес:

«Қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.

«Сары» аймақта: Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.

«Жасыл» аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары тұр.