Президент • 20 Маусым, 2021

Қасым-Жомарт Тоқаев Иранның жаңадан сайланған президентін құттықтады

24 рет көрсетілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ибрахим Раисиді Иран Ислам Республикасының Президенті болып сайлануына байланысты Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.

– Сайлаудағы айқын жеңісіңіз – Отаныңыздың дамуын баянды, іргесін берік, мерейін үстем етуге бағытталған саяси бағытыңыз бен бағдарламаларыңызды қолдаудың, сондай-ақ, ирандықтардың болашаққа ұмтылысын өзіңізбен байланыстырып отырғанының жарқын көрінісі. Осы тұста, Иран Ислам Республикасы мен оның халқының игілігі мен кемел келешегін асыл мақсат тұтқан бастамаларыңыз бен қолға алған істеріңізге сәттілік серік болуына тілектестігімді білдіремін, – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Иранды Каспий өңіріндегі тату көрші және ислам әлеміндегі Қазақстанның сенімді серіктестерінің бірі ретінде санайтынын айтты.

Сонымен қатар Президент екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухында қалыптасқан ынтымақтастықты сақтап қана қоймай, оған тың серпін, жаңа мән беретініне сенім білдіріп, екіжақты және көпжақты форматтардағы тығыз ықпалдастықты одан әрі нығайту үшін Иран Президентімен бірлесе күш жұмылдыруға дайын екенін нақтылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ибрахим Раисидің жауапты қызметіне толағай табыс, отбасына баянды бақыт, ал достас Иран халқына ырыс пен құт-береке тіледі.

Соңғы жаңалықтар

Техникалық реттеудің цифрлы тетігі

Технология • Бүгін, 08:34

Ғарыштан анықталған қоқыстар

Экология • Бүгін, 08:24

Вирус жұқтыру тоқтамай тұр

Коронавирус • Бүгін, 08:16

Өрт сөндірген өжеттер

Аймақтар • Бүгін, 08:12

Ерлікке бергісіз еңбек

Қоғам • Бүгін, 08:09

Жасанды жүрек салынды

Әлем • Бүгін, 08:02

Шаманың әні

Өнер • Кеше

Сотталған жырлар

Әдебиет • Кеше

9 ай «толғатқан» 9 пайыз

Экономика • Кеше

Ұқсас жаңалықтар