Аймақтар • 21 Маусым, 2021

Аймановтың муралы ашылды

134 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кейінгі жылдары бас қаланың көркем ажа­рын тұғырлы тұлға­ла­рымыздың айшықты бейнелерін бедерлеген мазмұнды муралдар аша түсті.

Аймановтың муралы ашылды

Жалпы, «мурал» сөзі ағыл­­шыншадан аударғанда «қа­­бырғадағы сурет» деген мағынаны білдіреді. Сондай көз тартар суреттің бірі, Жа­қып Омаров көшесіндегі 64 мекенжайындағы «Театраль­ный» бульвары мен DEMALYS PROMENADE жаяу жүр­гіншілер көшесінің ортасында Алдар көсе бейнесіндегі, хал­қымыздың біртуар ұлы, көр­некті режиссер Шәкен Ай­мановтың жаңа муралы ашыл­ды. Бұл картина «Алдар көсе» киносындағы стоп-кадр. Атақ­ты актер осы туындыны өзі түсіріп қана қойған жоқ, басты рөлдегі – «Алдар көсені» тамаша ойнағаны мәлім. Сондықтан да көрермендер халық ауыз әдебиетіндегі ақылды айлакер кейіпкеріміздің бейнесін марқұм Шәкен ағаның өрелі өнерімен жақын таныды деп айтуға болады. Муралдың авторы, суретші Асхат Ахмедияров. Ол өз жұмысында театр өнерін айқындайтын қызыл перде арқылы дала образындағы шынайы өмірдің бейнесі мен шығармашылық әлемді әдемі үйлестіре білген.