Оқиға орнына полиция қызметкерлері жедел келіп жетті. Тексеріс кезінде бір топ жастардың 15 маусым күні елордаға қазақша күрестен республикалық жарысқа Ақтөбе қаласынан келгені анықталды.
Жарыс аяқталған соң 20 маусым күні олар қонақүйге келген. 21 жастағы екі ер адамның арасында жанжал шығып, арты төбелеске ұласты. Салдарынан оның біреуі екіншісінің кеуде тұсына пышақ жарақатын салған. Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді.
21 жастағы күдікті ер адам ұсталып, уақытша оқшаулау абақтысына қамалды. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.
Бұдан басқа, тергеу аясында аталған жарысты ұйымдастырушыларға баға беріледі.