30 Сәуір, 2010

СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

744 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Семейдегі соғыс ардагерлерінің баршасына тұрғын үй-комуналдық төлемдер үшін 5 мың теңгеден қаражат берілді. Мұның сыртында 300 соғыс ардагері пәтерлерін тегін жөндету тізіміне енгізілді. Ал осыған дейін басында баспанасы жоқ соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне пәтер сатып алу үшін жергілікті бюджеттен 61 миллион теңге қаржы бөлініп отыр. Жоғарыда айтқандай арнайы жоспарға орай өткізілетін іс-ша­ра­лар мұның сыртында. Өткен жылы “Жол картасы” бағ­дар­ламасы ая­сында қайта жөндеуден өт­кізілген Жеңіс паркінде оған мүмкіншілік мол. Әрине, мұндай маңызды ша­ра­дан мекемелер мен ұйымдар, кәсіп­орындар мен оқу орындары да сырт қалмақ емес. Дәулет СЕЙСЕНҰЛЫ, СЕМЕЙ.