Тағайындау • 22 Маусым, 2021

Абай ауданына жаңа әкім тағайындалды – ШҚО

1290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданының әкімі болып Нұржан Әбдікәрімов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Абай ауданына жаңа әкім тағайындалды – ШҚО

Нұржан Оразбекұлы 1971 жылы 9 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Сегізбай ауылында дүниеге келген.

1996 жылы Семейдің Шәкәрім атындағы педагогикалық институтын «Тарих және қоғам тану пәнінің мұғалімі» және 2013 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1988 жылы бұрынғы Семей облысы Таскескен ауданы Сегізбай ауылындағы Тасбұлақ орта мектебінің балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде бапкер болып бастады.

1991-1993 жылдары осы мектепте тарих пәнінің мұғалімі болды.

1993-1994 жылдары тәрбие ісінің меңгерушісі.

1994 жылдан 2007 жылға дейін Тасбұлақ орта мектебі директоры қызметін атқарған.

2007-2009 жылдары Үржар ауданы Салқынбел ауылдық округіне қарасты Сегізбай ауылының әкімі болды.

2009-2013 жылдары Үржар ауданының білім бөлімінің басшысы.

2013-2017 жылдары Ұлан ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметін атқарған.

2017 жылдан бастап осы уақытқа дейін Ұлан ауданы әкімінің орынбасары болды.