Тағайындау • 22 Маусым, 2021

Дидар Смағұлов жаңа қызметке тағайындалды

763 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Дидар Смағұлов Ұлттық тестілеу орталығы бақылау кеңесінің төрағасы болып тағайындалды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дидар Смағұлов жаңа қызметке тағайындалды

«Дидар Смағұловқа екі жыл бойы Ұлттық тестілеу орталығының басшысы болып қызмет атқарғаны үшін алғысымды білдіремін. Бұл тағайындау менің алғашқы кадрлық шешімім болды. Дидар Нұркенұлы алдына қойылған міндеттерді нәтижелі әрі тиімді орындады. Ендігі кезекте Дидар Смағұлов штаттан тыс кеңесшім және ҰТО бақылау кеңесінің төрағасы болып жұмыс істейтін болады», деп жазды ведомство басшысы.

Еске салсақ, мамыр айының соңында Дидар Смағұлов Ұлттық тестілеу орталығының директоры қызметінен кеткенін мәлімдеген еді.