30 Сәуір, 2010

МЕРЕКЕЛІК МЕДАЛЬДАР ТАПСЫРЫЛДЫ

539 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Ұлы Жеңіс мерекесі жақын­даған сайын атқарылған шаралар да сан-салалығымен сипаттала түсуде. Ұрыс далаларында 90 мың­нан астам сол­түстікқазақ­стандық жаумен шай­қасса, 53-і Кеңес Ода­ғы­ның Батыры атанған, ал 11-і “Даңқ” орденінің толық иегері бол­ған. Солардан көзі тірілері 900-дей ғана. Елбасының тапсырмасы­на сәйкес облыста 24 мыңға жуық соғыс ардагері мен тыл еңбек­кер­леріне жан-жақты құрмет көрсету ерекше екпін алды. Облыс әкімі Серік Біләлов бір топ соғыс, ең­бек ардагерлерін қабылдап, мере­ке­лік медальдарды салтанатты түрде табыс етті. Оны бірінші бо­лып Сапар Дүйсенов, Петр Глаков, Күлке Әубәкірова, Мұқатай Айт­баев алды. Аймақ басшысы Жеңіс­тің 65 жылдығын мерекелеу ха­лықтық мейрамға айналатынын, бірде-бір майдангер назардан тыс қалмайты­нын айта келіп, Астана мен Мәскеу қалаларында өтетін мерекелік шараларға арнайы делегацияның жасақталғанын жеткізді. Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бастығы Асқар Сақыпкереев соғыс ардагерлері мен мүгедектеріне, оларға теңес­тірілген­дер мен тыл еңбеккер­леріне рес­пуб­ликадан және жер­гілікті жерден берілетін біржолғы жәрдемақының мерекеге дейін тиісті есеп-шоттарға аударылаты­нын, басқа да қаржы­лық қолдау-жеңілдіктердің қарас­ты­рылаты­нын мәлімдеді. Өмір ЕСҚАЛИ, Солтүстік Қазақстан облысы.