Оның айтуынша, жалпы, 700 мыңға жуық салық төлеуші 1 трлн теңгеге мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған. Бұл салық төлеушілерге өз қызметін сақтап қалуға мүмкіндік берді. Оны салық түсімдерінен көруге болады.
«Өткен жылы короновирус пандемиясына байланысты бизнесті салықтық қолдау шаралары қабылданған болатын. Осы жылы біз осы бағытта және жалпы салық салу саласын жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастырдық. Былтыр төтенше жағдай кезінде шағын және орта бизнестің барлық субъектілері үшін салықтар және әлеуметтік төлемдерді төлеу шегерілді. Экономиканың ең әлсіз секторлары 2020 жылдың аяғына дейін мүлік салығынан босатылды. Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына 2020 жылдың 1 қазанына дейін қосылған құн салығының мөлшерлемесі 12% дан 8%-ға дейін төмендетілді», деді спикер.
Сонымен қатар, экономиканың ең көп зардап шеккен 29 секторында 2020 жылдың 1 қазанына дейін салықтар және әлеуметтік төлемдердің нөлдік мөлшерлемесі белгіленген.