Сейсенбіде жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де түрмеден зорлық-зомбылық туралы хабарлама кеп түскен.
Оқиға орнына мемлекеттік және федералды полиция, бас прокуратура және ұлттық гвардия қызметкерлері келген. Сот-медициналық қызметке сілтеме жасай отырып, зардап шеккендер санының әлі де көбеюі мүмкін екені хабарланады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, тұтқындардың екі тобы жазасын өтеп жатқан мекемені өз бақылауына алу үшін төбелескен.