Аймақтар • 23 Маусым, 2021

Нұр-Сұлтанда Олимпиада күнін атап өтті

242 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ел аймақтары арасында өткізілген Халықаралық Олимпиада күні эстафетасы 23 маусым күні Нұр-Сұлтандағы урбан-спорт мерекелік фестивалімен аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда Олимпиада күнін атап өтті

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті олимпиадалық құндылықтарға маусым айынын тұтастай арнады. Бұл ай халықаралық және Қазақстан олимпиадалық қозғалысының «Біз біргеміз! Тезірек, биігірек, мықтырақ - бірге» ұраны бойынша өткізілуде. 

3х3 баскетбол, стритбол, стрит-воркаутерлер мен каноэшілер және текбол. Бұл салыстырмалы түрде спорттың жаңа түрі, футбол мен үстел теннисінің гибриді саналады. Текболды ойлап шығарған команда жаңа спорт түрін олимпада бағдарламасына енгізуге тырысуда. Одан бөлек, елорданың ең жас тұрғындарына арнап Токио-2020 Олимпиадсына жолдама иегерлері, ұлттық құрама мүшелері Кирилл Герасименко мен Анастасия Лаврова шеберлік сабағын өткізді. 

«Баршаңызды Халықаралық Олимпиада күнімен құттықтаймын! Олимпиада ойындарының басталуына бір ай қалғанын ескерсек, бұл шынымен де маңызды мереке. Олимпиаданың бір жылға шегергеннен кейін бұл ойынға қатысу мүмкіндігін алу мен үшін үлкен қуаныш. Ал Олимпиадада Анастасия Лаврованың да бақ сынайтыны қуанышымызды еселей түседі. Осындай іс-шараға қатысып, кішкентай спортшылардың қызығушылығын көргеніме қуаныштымын. Тағы да мерекелеріңізбен!», деп құттықтады Кирилл Герасименко. 

Qazsport телеарнасы Олимпиада күніне тікелей эфирін арнап, елордадағы урбан-фестивалді, құрама команданың Токиоға дайындығын және аймақтардағы сюжеттерді ел назарына ұсынды. Токио Олимпиадасының басталуына тура бір ай қалғанда өткізілген мерекені ел тұрғындары тікелей эфирден тамашалады. 

Медет Төленбаев, жас баскетболшы:

 - Мен күн сайын жаттығамын. Жаз кезінде де жаттығуды тоқтатпаймын. Біздің өз командамыз бар, аулалар болып жарысамыз. Біздің спортшылардың Олимпиададағы өнерін бәріміз де тамашалаймыз. Мен боксшыларға, Василий Левитке жанкүйермін. 

Бес олимпиада шығыршығы бес құрлықты білдіретіні секілді, мерекелік эстафетаны өткізуге еліміздің бес аймағы атсалысты. Олар қазақстандықтардың белсенді болып, спорт турады жаңа дүниелермен танысуына, өз мүмкіндіктерін арттыруына себепкер болды. 

Жақында Алматыда скалолаздар арасында жарыс өтсе, Петропавда Олимпиада чемпоны Александр Винкуровтың қатысуымен веложарыс өтті, Өскеменде Ольга Рыпакованың қатысумен жеңіл атлетикалық жарыстар ұйымдастырылса, Ақтауда Әділбек Ниязымбетов пен Айбек Имашев бокс және дзюдодан шеберлік сабағын өткізді. 

Василий Левит, Рио Олимпиадасының жүлдегері:

«Баршаңызды Халықаралық Олимпиада күнімен құттықтаймын! Бұл қозғалысқа көптеген елдердің қатысатыны жақсы. Олимпиадалық көңіл-күй бүкіл жаз бойы сезіліп тұрса екен, себебі, спортшылар Токиға аттанады. Біздер, олимпиадашылар, барша қазақстандықтарды спортшыларды қолдауға шақырамыз. Олимпиадада сіздердің қолдауларыңыз бізге аса қажет».

16 шілде күні команданың алғашқы бөлігі Токиоға аттанады. Ал әзірге олимпиадашылар мен чемпиондар балалармен және жастармен кездеседі. Спортшылар қазақстандықтардың патриотизмді, спорт пен денсаулықты таңдайтынына сенімді. 

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше