Аймақтар • 23 Маусым, 2021

Атырау полициясында 20 отбасылық жұп қызмет атқарады

571 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырау қалалық полиция басқармасында 20 отбасылық жұп жұмыс істеп жүр. Олар қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің сақталуы үшін қызметте жүріп, бақытты жанұя құрған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атырау полициясында 20 отбасылық жұп қызмет атқарады

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, солардың бірі – Әлібек пен Бағдат Қайырғалиевтердің отбасы.

«Орал қаласындағы Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық университетін бітірген Әлібек Қайырғалиев 2016 жылы ішкі істер органына жұмысқа орналасыпты. Ал, Бағдат – Ішкі істер министрлігі Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының түлегі. Екеуі бір-бірімен осы салада кездескен», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.  

Қазір екеуі де Атырау қалалық полиция басқармасының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы болып жұмыс істейді. Олар былтыр отау құрып, енді тұңғыш сәбиін күтіп жүр.

«Біздің атқаратын қызметіміз де, көзқарасымыз бен қызығушылығымыз да бір арнаға тоғысып жатады. Күнделікті атқарған жұмысымызды талдап, бір-бірімізге кеңесімізді береміз. Отбасылық жұптың бір салада жұмыс істегенінің артықшылығы көп. Өйткені, жұмыс бабында бір-бірімізге көмектесіп, қиналған сәтте қолдау көрсетуге мүмкіндік бар», дейді Әлібек Қайырғалиев.

Жақында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен полицей жігіт «Құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. Өйткені, ол кілттеулі пәтерде жалғыз қалған жасөспірімді құтқарған болатын.

Соңғы жаңалықтар