Осылайша, олар пандемия жағдайында қауіпсіз іс-шара өткізуге мүмкіндік беретін өзге де шараларды белгіледі. Олимпия және Паралимпиада ойындарының Ұйымдастыру комитеті билет иелері үшін қауіпсіздік ережелерін жариялады. Оның ішінде қатты қол шапалақтауға, «бестік» беруге, сүлгіні бұлғауға, сондай-ақ жарыстар өтетін жерлерде алкогольді ішімдіктерді сатуға немесе көрермендердің өздері әкелуіне болмайды. Хабарландыру Токиода бір күнде 619 адамның вирус жұқтырғаны туралы белгілі болғанға дейін жасалды. Бұл – шамамен бір айдың ішіндегі бір күндік ең жоғары көрсеткіш. Осыдан екі күн бұрын ұйымдастырушылар көрермендердің келуіне айтарлықтай шектеулер қойған еді. Бұл шектеулер билет санын 910 мыңға қысқартуға мәжбүр етті. Ұйымдастырушылар ойындардың негізгі демеушілерінің бірі Asahi сыра қайнату зауыттарын ескере отырып, кейбір шектеулерді енгізу арқылы алкоголь сатуға рұқсат беру мүмкіндігін қарастырғанын хабарлады.
Алайда БАҚ-та хабарлағаннан кейін көп ұзамай қоғам, медициналық сарапшылар мен билеуші, оппозициялық заң шығарушылар бұл шешімді сынға алған. Нәтижесінде, көрермендерге алкоголь сатылмайтын болды.