Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Денис Шипп Жоғарғы сот судьялары лауазымына кандидат ретінде Герман Нұрбаевты, Ербол Өмірәлиевті, Дана Тоқмырзинаны таныстырды.
Осы орайда аталған кандидаттарды сайлау туралы Сенат қаулысы дауыс беруге шығарылды.
Палата депутаттары ашық дауыс беру арқылы аталған кандидаттарды қолдау туралы шешім шығарды.
Жаңа қызметке сайланған судьялар Парламент Сенатының жалпы отырысында салтанатты түрде ант берді.