Бұл азаматтарға Франция, Италия, Испания, Португалия, Греция және АҚШ сияқты мемлекеттерге баруға мүмкіндік береді.
Оның айтуына қарағанда, Үкімет вакцинация арқылы әлемнің кез келген елінде еркін жүру мүмкіндігін қалпына келтіруге септігін тигізетін жоспарларды іске асырмақ.
«Бұл шаралар клиникалық тұрғыдан әлі ұсынылған жоқ. Біз осы мәселелерді қазіргі таңда шешіп жатырмыз. Вакцинациялау бағдарламасының мақсаты да сол. Міне, сондықтан әрбір ересек адамның шығып, екпені алуы өте маңызды», деп түсіндірді министр.
Сонымен қатар саяхатшыларға үйге оралғаннан кейін оқшауланудың қажеті де болмайды.