Қоғам • 24 Маусым, 2021

«Хабар» агенттігінің қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды

455 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнін мерекелеу қарсаңында  «Хабар» Агенттігінің қызметкерлері қоныс тойларын тойлап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Хабар» агенттігінің қызметкерлеріне пәтер кілті табысталды

Өз пәтерлерінің  бақытты иелерін  Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары - Дәурен Абаев пен Қазақстан Республикасы ақпарат және қоғамдық даму министрі - Аида Балаева құттықтады.

«Менің ойымша, қалған телеарналар «Хабар» белгілейтін деңгейге жетуге ұмтылады. Бүгінгі іс-шара - «Хабар» тек ақпарат беріп қана қоймай, өз кадрларына қамқорлық жасайтынының жарқын дәлелі», деді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның айтуынша, Агенттік қызметкерлерінің кәсіби мерекелері қарсаңында пәтер кілттерін алуы  - өте орынды болды.

«Мен бүгін сіздермен осы қуанышты оқиғамен бөліскеніме өте қуаныштымын. Шынында да, кез келген адам дені сау болуды, балалар өз ошағы мен үйі бар отбасында өскенін армандайды. Агенттік басшылығының осындай ерекше мүмкіндік бергеніне өте қуаныштымын. Мен әр отбасына бақыт тілеймін. «Хабар» тұрғын үй кешенінде әрдайым керемет іс-шаралар болып тұрсын. Сіздердің кәсіби мерекелеріңіздің  қарсаңында пәтер кілттерін алуларыңыз - өте орынды! Сіздерге шығармашылық табыс пен бақыт тілеймін», деді Аида Балаева.

а

Жаңа «Хабар» тұрғын үй кешені елорданың перспективалы ауданында орналасқан. Бұл -  жер асты паркингі бар 10 қабатты заманауи ғимарат.          Агенттіктің үздік қызметкерлері пәтерлерді жалға алу құқығы аясында, кейіннен сатып алу мүмкіндігіне ұласатын жүйе арқылы алды. Тағы 200 қызметкер өте қолайлы шарттар бойынша жайлылық-санатындағы  тұрғын үйден пәтер сатып алу мүмкіндігіне ие болды.

«Хабар» Агенттігінің Басқарма Төрағасы Ерлан Бекхожин бұл жобаның  жүзеге  асырылғандығына  өте қуанышты екенін мойындады.

«Бұл өте қуанышты оқиға. Менің ойымша, біздің бүгінгі іс-шарамыздың «Бақыт өмір сүретін үй» ұранына назар аударған боларсыздар. Шын мәнінде, адам үшін үй -  жай қабырғалар ғана емес, бұл өмір аумағы, жайлы атмосфера, бұл балалар өсетін орын. Біз бұл жобаны жүзеге асыра алғанымызға қуаныштымыз. Әрине, мен үйді қысқа мерзімде салған құрылысшыларға  алғыс айтқым  келеді», деді Ерлан Бекхожин.

Қазақтың дәстүрі бойынша бүгінгі мерекеге жиналғандарға «шашу» шашылып, содан кейін қонақтар пәтерлерді қарап шықты. Кәсіби мереке қарсаңында Агенттік қызметкерлеріне ұлттық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

«Хабар» телеарнасының «Жаңалықтар» қызметінің шығарушы редакторы  Достық  Бекбаев  Агенттікте 9 жылдан бері жұмыс істейді. Бүгін ол өз үйінің бақытты иелерінің қатарында болды. Бұрын ол қала сыртында тұрса, енді ол өз отбасымен жаңа пәтерге орналасатын болады.

«Біздің төрт баламыз бар. Менің жұмысымды, жұмысыма берілгендігімді ескеріп, басшылық пәтер кілтін табыстады. Өте қуаныштымын. Мен мұндай мүмкіндік үшін басшылыққа ризамын. Пәтер өте кең және жайлы. Біз дереу тіркелдік, тіпті жөндеу жұмыстарын да жасамадық, өйткені іші таза және әдемі болды. Пәтер жақсы - 80 шаршы метр. Терезеден елорданың керемет көрінісі көзге түседі», деп қуанышымен бөлісті Достық Бекбаев.

Айта кету керек, Агенттік баспанаға мұқтаж қызметкерлеріне 2008 жылдан бастап кеңсе ғимаратында бөлмелер беріп келді. 2017 жылы тұрғын үй жағдайларын жақсарту мақсатында «Хабар» Агенттігі қызметкерлеріне жағдайлары жақсарған жаңа ғимарат берді.

Соңғы жаңалықтар

Жыл камбэгі

Әлем • Бүгін, 09:35

Малсақ қауымның мұраты

Шаруашылық • Бүгін, 09:30

Қос ауылдың қуанышы

Аймақтар • Бүгін, 09:20

Жирен аң қашан келеді

Талбесік • Бүгін, 08:55

Рухани құлдыраудың ащы шындығы

Руханият • Бүгін, 08:48

Тарихтағы тың өріс

Руханият • Бүгін, 08:43