«Astana-Premier Tech командасы Александр Винокуров жетекші міндетін атқаруды тоқтататынын хабарлады. Құрамның директорлар кеңесі қабылдаған шешімге қарамастан, Винокуров Astana-Premier Tech-тің мүшесі болып қала береді. Бірақ, біраз уақыт менеджерлік міндеттерін атқармайды», делінген хабарламада.
Джузеппе Мартинелли мен Стив Бауэр құрамның күнделікті спорттық қызметін үйлестіру үшін басқарушы директор Яна Зельмен бірге жұмыс істеп, жақын арада команданың спорт жетекшісі жауапкершілігін алады.
«Біз Александр Винокуровтың «Тур де Франсқа» қатыспайтынын растай аламыз. Өйткені ол команданың спорт жетекшісі міндетін тоқтатты. Александр әлі де команданың құрамына кіреді. Қазіргі уақытта ол құрамның спорттық операцияларын басқармайды. Бірақ басқа тапсырмаларды орындауға ауысады», деді Astana-Premier Tech басқарушы директоры Яна Зель.