Туризм • 25 Маусым, 2021

Қазақстан мен Өзбекстанның туристік бағдарламасы іске қосылады

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркітілдес елдер туристік іс-шаралардың ортақ күнтізбесін құруды жоспарлап отыр. Бұл жөнінде Өзбекстанда өткен түркітілдес елдердің туризм министрлері отырысында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан мен Өзбекстанның туристік бағдарламасы іске қосылады

Жиында көне қала Ахсикентте жыл сайын «Түрік дауысы» атты ән фестивалін ұйымдастыру ұсынылды. Бұл өз кезегінде түбі бір түркітілдес елдердің рухани әрі мәдени байланысын одан әрі нығайта түспек. Қазақстанның тарапы туристік бағдарлама келер жылы іске қосылып, алғашқы турист сапарға шығуы мүмкін екенін тілге тиек етті. Бұл Шенген визасының азиялық баламасы болады. Алматыдан Хиуаға дейін баратын «Ұлы Жібек жолы» туристік маршрутына Түркі кеңесіне мүше өзге елдерді де қосу жоспарда бар. Жиын соңында Өзбекстанның Қоқан қаласы түркітілдес елдердің алғашқы туристік астанасы болып жарияланды.

«Біздің түркітілдес халықтар үшін және Ұлы Жібек жолындағы елдер үшін «Силк Роад Виза» өте маңызды. Сонымен қатар әртүрлі мемлекеттерді қамтитын виза болғандықтан әрбір мемлекеттің ұсыныстары мен қолдаулары қажет болып тұр. Бүгінгі күні өте көп жұмыс істелді. Әрбір мемлекетте, соның ішінде Өзбекстанның сыртқы істер министрлігінде біздің ұсыныстарымыз жатыр. Бүгінде осы екі мемлекет болып және басқа да мемлекеттердің арасында қазір пікірталастар болып жатыр», дейді  Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова.