Елорда • 25 Маусым, 2021

Нұр-Сұлтанда көпбалалы отбасылар үшін тұрғын үйге құжат қабылдау басталады

200 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда көпбалалы отбасылар арасында сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйге құжат қабылдау басталады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Нұр-Сұлтанда көпбалалы отбасылар үшін тұрғын үйге құжат қабылдау басталады

«Бағдарламаға «Көпбалалы отбасылар» санаты бойынша баспана кезегінде тұрған азаматтар ғана қатыса алады. Егер көпбалалы отбасы бола тұра, басқа санат бойынша кезекте тұрса, бағдарламаға қатыса алмайды», делінген хабарламада.

Пәтерлердің жалпы саны: 285.

Барлығы екі бөлмелі, ауданы: 53,4-57,7 шаршы метр.

Орналасқан жері: Қордай көшесі, 79 ,79а және Абылай хан 56 және 56а көшесі.

Құжаттарды қабылдау 27 маусым күні сағат 00:00-де басталып, 27 шілде сағат 23:59-ға дейін жалғасады.

«Құжаттарды қабылдау тек электронды түрде qatysu.zhilfond.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. Өтінішті барлық жылдардағы (2006-2021) кезекте тұрған азаматтар бере алады, алайда қатысуға өтініш берген кезекте тұрғандар арасынан алдымен кезекке ерте тұрғандар өтеді», деп атап көрсетті мамандар.

Өтініш беру үшін:

ЭЦҚ кілті;

Отбасының барлық мүшелеріне ҚР бойынша жылжымайтын мүліктің болмауы немесе болуы туралы анықтаманың сканерленген нұсқасы;

Балалардың туу туралы куәліктерінің/отбасы мүшелерінің жеке куәлігі (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;

Неке қию /некені бұзу /әке болуды анықтау туралы куәліктің /№4 нысан /қайтыс болу туралы куәлік (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;

Жылжымайтын мүліктің құқық белгілейтін құжаттарының (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;

Мүгедектік туралы анықтаманың (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы;

Созылмалы аурудың толық атауы, жеке бөлмеге мұқтаждығы және белгілі бір қабаты көрсетілген созылмалы аурудың медициналық қорытындысының (болған жағдайда) сканерленген нұсқасы.

Өтініштерді қарау нәтижесі zhilfond.kz және zhil-astana.kz сайттарында, сондай-ақ, тұрғын үй орталығының әлеуметтік желілерінде жарияланады.