Президент • 25 Маусым, 2021

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияның Премьер-Министрі міндетін атқарушы Никол Пашинянға құттықтау жеделхатын жолдады

230 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияның Премьер-Министрі міндетін атқарушы Никол Пашинянға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Арменияның Премьер-Министрі міндетін атқарушы Никол Пашинянға құттықтау жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Никол Пашинянды өзі басқаратын «Гражданский договор» партиясының кезектен тыс өткен Парламент сайлауындағы жеңісімен құттықтады.

«Дауыс беру қорытындысы мемлекеттілікті, ұлттық бірлікті нығайтуға және елдегі ахуалды тұрақтандыруға бағытталған Сіздің саяси ұстанымыңызды халық қолдайтынын  айқын көрсетті», делінген жеделхатта. 

Президент бірлескен белсенді күш-жігердің арқасында Қазақстан мен Армения арасындағы қарым-қатынастар екіжақты форматта да, Еуразиялық кеңістіктегі экономикалық интеграция аясында да нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның достас Арменияны өркендету жолындағы аса жауапты мемлекеттік қызметіне мол табыс тіледі.