Қаршадайынан қара сөзді пір тұтып өскен ұшқыр қалам иесінің алғашқы дүниелері аудандық газетте жарық көрді. Алайда ол кісінің еңбек жолы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін бітіргеннен кейін жеткіншектердің сүйікті басылымына айналған, қазіргі «Ұлан» газетінен басталды. Осы басылымда жүріп, журналистиканың қазанында қайнап, мәртебелі мамандықтың қыр-сырын үйренді. Содан соң талай талант түлеп ұшқан «Жас Алашта» еңбек етіп, танымдық мақалаларымен елге танылды.
Белгілі қаламгер Бауыржан Омарұлы «Жұрт жадындағы Жолдасбек» атты естелігінде: «Жолдасбекпен бірге «Жас Алашта» екі-үш жыл қызмет істеген соң біз басқа жұмысқа ауыстық. Ол сол басылымда қалып, оншақты жыл тер төкті. Газеттің жыртығын жамады. Күнделікті ақпаратты аждаһадай жұтып жататын басылымның өмірі тығындалмайтын өңешін толтырумен айналысты. Ол барлық дерлік жанрды игерді. Хабар-ошар әзірлейтін бөлімде машықтанып, қаламынан түрлі заметка туындатты...
Қатарынан озған замандас келбетін айшықтап, портреттік очерк жазды. Қай басылымда қызмет істесе де, ол асқан ұқыптылығымен көзге түсті» деп жазады.
Кейінірек Жолдасбек республикалық «Айқын» газетінің іргетасын қаласып, соның дамуына айтарлықтай үлес қосты. «Жас қазақ» басылымы бас редакторының орынбасары болғанда да жемісті жұмыс істеп, еліміздің өзекті мәселелерін қаламына арқау етті. Біраз жыл ол кісімен әріптес болған Парламент Сенатының депутаты, қаламгер Нұртөре Жүсіп: «Жолдасбек Дуанабай үнемі ізденіс үстінде жүретін. Қашан да тыңнан тақырып тапқанға шебер еді. Елдің көкейінен шығатын мәселелерді дереу әзірлейтін. Мұның барлығы көп оқудан шығатын қасиет. Әлемдік журналистика жаңалықтарына жиі құлақ түріп жүруші еді. Оның архивінде неше түрлі танымдық мақала жинаулы тұратын. Ол кісі қалжыңға шебер болатын. Тауып айтқыштығы да бар. Балаша ақкөңіл еді» деп айтады.
Саналы ғұмырын қазақ журналистикасына арнаған асыл азаматтың оқырмандары барда есімі ұмытылмайды деп сенеміз.
Былтыр жазда алымды ақпараттарын, мазмұнды мақалаларын, сырлы сұхбаттарын іздеп жүріп оқитын оқырмандары танымал журналист, Баубек Бұлқышев атындағы сыйлықтың лауреаты, Мәдениет қайраткері Жолдасбек Дуанабайдан көз жазып қалды.
70 шақырымды еңсерген велошабандоз
Оқиға • Кеше
Алматыда Қазақстан мен Ресей волонтерлік ұйымдарының слеті өтті
Волонтер • Кеше
Алматыда креативті индустрия өкілдерімен кездесу өтті
Алматы • Кеше
Абай облысындағы мектепте қазандық жарылды
Төтенше жағдай • Кеше
Ақтауда көлік апатынан үш адам зардап шекті
Аймақтар • Кеше