Елорда • 28 Маусым, 2021

Ashyq: Нұр-Сұлтанда дәмханаға барған тұрғынға 88 мың теңге айыппұл салынды

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда Ashyq-та «қызыл» статусы бар тұрғынға қоғамдық тамақтану нысанына барғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлады Egemen.kz.

Ashyq: Нұр-Сұлтанда дәмханаға барған тұрғынға 88 мың теңге айыппұл салынды

Оқшаулану режимін бұзғаны үшін Байқоңыр аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің мамандары тұрғынға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша хаттама толтырылып, оған 30 АЕК (87 510 теңге) айыппұл салынды.

5 сәуірден бастап Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарында үй карантинін бұзған 4039 келуші анықталды. Оның ішінде «қызыл» статусы бар 1888 адам (коронавирус жұқтырған), 2151 адамның «сары» статусы бар (жақын байланыста болған).

Оның ішінде, 11-27 маусым аралығында үй карантинін бұзған 491 келуші анықталды (247 келушінің – «қызыл» түсті, 244 келушінің – «сары» түсті мәртебесі бар).