Кәрі құрлықтың 11 елінде өтіп жатқан футболдан Еуропа чемпионатының
плей-офф кезеңіндегі матчтар басталды. 1/8 финал кездесулерінің шымылдығын А тобында екінші орын алған Уэльс пен В тобында дәл сондай нәтиже көрсеткен Дания және А тобының үздігі Италия мен С тобында екінші орынға табан тіреген Аустрия құрамалары ашып берді.

«Йохан Кройфф Аренада» (Амстердам) өткен Дания – Уэльс арасындағы алғашқы ширек финал кездесуінде даниялық футболшылар қарсыластарының қақпасына жауапсыз төрт гол соғып, қатарынан екінші кездесуде ірі есеппен жеңіске жетті. Матч бастала сала ойын тізгінін өз қолдарына алған даниялықтар кездесудің 27-минутында есепті ашты. Миккель Дамсгардтан тамаша пас алған Каспер Дольберг қақпаның алыс бұрышын дәл көздеп, құрамасын алға шығарды. Уэльс футболшылары гол ойыннан тыс жағдайда соғылды деп төрешіні күмәндандырып қойған соң германиялық бас қазы ВАР көмегіне жүгініп, бейне қайталауды көргеннен кейін гол ойын жағдайында соғылғанына көз жеткізді. Сөйтіп Данияның басымдығымен өткен алғашқы тайм 0:1 есебімен аяқталды.
Үзілістен кейін де қарсыластарына қарағанда белсенді болған Дания 47-минутта есепті еселей түсті. Бұл жолы да Каспер Дольберг мергендігімен көзге түскен болатын және төреші Дольбергтің екінші голына да күмәнмен қарап, тағы да бейне қайталауға жүгінуге мәжбүр болды. ВАР-тың көмегінен кейін төреші гол ойын жағдайында соғылды деген шешім шығарды. Есеп – 0:2. Қақпасына екі гол өткізіп алған соң Гарет Бэйл бастаған Уэльс құрамасы есеп айырмасын қысқартуға қанша тырысқанымен, даниялықтар оған мүмкіндік бермеді. Матчтың аяқталуына 2 минут қалғанда Йоаким Мехле есепті 0:3-ке жеткізсе, екінші таймға қосылған қосымша минутта шабуылшы Мартин Брэйтуэит Данияның төртінші голын соғып, ойынның нүктесін қойды. Матчтың 90-минутында Уэльс ойыншысы Харри Уилсон қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды.
Осылайша, 2016 жылғы Еуропа чемпионатында үшінші орын алған Уэльс биылғы біріншілікті плей-офф кезеңінде аяқтауға мәжбүр болды. Ал ширек финалға жолдама алған Дания енді ¼ финалда Нидерланд – Чехия жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Плей-офф кезеңінің екінші кездесуінде Италия мен Аустрия құрамалары ширек финалдың жолдамасын сарапқа салды. Тең дәрежеде өткен ойында қарсыластар 90 минут бойы бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алмағандықтан, жеңімпаз құраманың есімі қосымша таймда анықталды. 95-минутта Италия сапынан Федерико Кьеза кездесудің есебін ашса, арада 10 минут өткенде Маттео Пессина құрамасының екінші голын соғып, «Скуадра Адзурраны» ширек финалға алып шықты. Матчтың 144-минутында Саша Каладжич есеп айырмасын қысқартуға мүмкіндік алғанымен, бұл гол Аустрияның келесі кезеңге шығуына аздық етті.
Аустрия құрамасының ойын тағдырын негізгі уақытта шешіп тастап, ширек финалға шығатындай тамаша мүмкіндігі болған еді. Алайда Еуропа чемпионатында биылдан бастап қолданысқа енген ВАР жүйесі оған мүмкіндік бермеді. Екінші таймның 65-минутында Марко Арнаутович Италия қорғаушыларын қапы қалдырып, мергендік танытқан еді. Бірақ төреші бейне қайталаудан кейін гол ойыннан тыс жағдайда соғылды деп, Арнаутовичтің голын есепке алмай қойды.
2008 және 2016 жылғы Еуропа чемпионатында топтық кезеңнен әріге аса алмаған Аустрия өз тарихында тұңғыш рет кәрі құрлықтың плей-офф кезеңіне шығып, Еуропа біріншілігіндегі үздік нәтижесіне қол жеткізді. Ал Италия құрамасы әдеттегідей кезекті рет турнирдің ширек финалына жолдама алып отыр. Сонымен қатар «Скуадра Адзурра» футболшылары жеңіліссіз сериясын 31 ойынға жеткізіп, 80 жылдың рекордын жаңалады. Италиялық футболшылар 1930 жылы қатарынан 30 матчта қарсыластарынан басым түскен болатын.
Енді Италия құрамасы ширек финалда Бельгия – Португалия жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар