Аталған жобаның негізгі идеясы – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық кезеңіндегі аймақтардың дамуына панорамалық шолу көзделген. Жыл соңына дейін елордадағы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің бірінші резиденциясындағы тарихи ғимараттың көрме алаңында еліміздің барлық аймақтарына арналған іс-шаралар өтеді.
– Елбасы кітапханасы еліміздің ерекше мерекелерінің бірі – Астана күні қарсаңында қала жұртшылығымен қуана қауышып отыр. Биыл – мемлекетіміз үшін ерекше жыл, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы. Егемен еліміздің тарихы жас астанамен тығыз байланысты. 1997 жылғы 10 желтоқсанда дәл осы жерде Н.Ә.Назарбаев республика астанасының Ақмолаға көшірілетінін жариялап, еліміз үшін маңызды тарихи шешімдердің жаңа астанада қабылданатынын хабарлаған болатын. Бұл оқиға осы киелі ғимаратта, ұлы державалық мемлекет басшыларының басын қосқан Тұңғыш Президенттің бұрынғы резиденциясында болған еді. Бүгінгі Қазақстан астанасының тарихы мен болашағы «Арман қала» көрмесіне арқау болып отыр. Себебі, таңғажайып бас қала – ел арманы мен үмітінің қаласы, елімізді мекен еткен барша ұлттың үлкен мақтанышы, – деді салтанатты іс-шараның ашылуында Елбасы кітапханасының директоры Бақытжан Темірболат.
Одан кейін сөз алған Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Ермек Қизатов көрмені ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, сәттілік тіледі.
Мазмұнды іс-шара Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, елордалық мемлекеттік архиві, Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві және «Астанагенплан» ҒЗЖИ ЖШС мен «KazExpoCongress» АҚ бірлесіп ұйымдастырылды.
Көрме Елбасы жеке архиві мен Елбасы кітапханасы музейіндегі кітап қорының материалдары негізінде астананың қалыптасуы мен даму тарихын кешенді зерттеудің нәтижесі саналады. Ол екі бөлімнен тұрады, бірінші «Нұр-Сұлтан – Тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасы» бөлімінде жаңа астананы салу бойынша Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бастамалары мен идеялары туралы дүниелер ұсынылса, екінші «Нұр-Сұлтан – дипломатия және бітімгершілік орталығы» бөлімінен елордада өткен, жас астананың және тұтастай мемлекеттің халықаралық мәртебесін нығайтуға ықпал жасаған жаһандық ауқымдағы маңызды оқиғалар туралы материалдар кешенімен таныс боласыз.
«Қазақстандық жол» жобасының қорытынды көрмесі азаттығымыздың бесігі – Алматы қаласына арналады. Іс-шара Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңына жоспарланып отыр.
Айта кетейік, «Арман қала» көрмесі 8 тамызға дейін жалғасады.
Елбасы кітапханасының музейінде Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Қазақстандық жол» жобасы іске қосылып, оның алғашқысы астана күні қарсаңында «Арман қала» көрмесімен ашылды.
Алматы маңында тағы жер сілкінді
Алматы • Бүгін, 19:19
Таулы аумақта қалған 60 көлікке көмек көрсетілді
Құтқарушы • Бүгін, 18:09
Мемлекет басшысы Черногория Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 17:31
Қасым-Жомарт Тоқаев Джозеф Байденге көңіл айту жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 16:50
Алматыда sim-box құрылғылары тәркіленді
Оқиға • Бүгін, 16:25
Екі облыстағы екі жол бөлігі жабылды
Қоғам • Бүгін, 15:13