Оқиға • 28 Маусым, 2021

Павлодарда жылдамдықты асырған жүргізуші жұмысшыны қағып кетті

120 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Салдарынан ЖШС қызметкерлерінің бірі медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Egemen.kz Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Павлодарда жылдамдықты асырған жүргізуші жұмысшыны қағып кетті

Фото: Константин Шелков

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 28 маусым күні сағат 04.15 шамасында белгісіз жүргізуші «Лада 21725» автокөлігімен Циолковский көшесімен келе жатқан сәтте қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын сақтамай, бояу агрегатына басып кірген. ЖШС қызметкерлері жаяу жүргіншілер өткелінде бояу жұмыстарын жүргізгені анықталды.

- ЖКО салдарынан ЖШС қызметкерлерінің бірі медициналық көмекке жүгінді. Құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБК 610-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды, 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды және ҚР ӘҚБК 611-бабы бойынша материал сотқа жіберілді, - делінген хабарламада.

Автокөлік айып тұрағына қойылды.