«Соңғы апта алдыңғы аптамен салыстырғанда науқастану деңгейінің 65 пайызға немесе 1400 жағдайға өсуіне байланысты және эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауын ескере отырып, қосымша қатаң іс-шаралар енгізілетін болады», деді санитар дәрігер.
Оның айтуынша, елорда аумағында саябақтардағы ашық ауада жұмыс істейтін аттракциондардың жұмысына тыйым салынады. Қала күнін атап өтуге де шектеулер енгізіледі. Бұл ретте іс-шаралар онлайн форматта және ашық ауада Ашық жобасы арқылы ғана жүргізіледі. Көрермендердің қатысымен концерттік іс-шаралар да өткізуге болмайды.
«Ірі спорт кешендерінде көрермендердің қатысуымен спорттық іс-шараларды өткізуге, экскурсиялық турлар ұйымдастыруға тыйым салынады. Білім беру орталықтардында білім алушылардың саны 15-тен 10 адамға дейін қысқартылады және демалыс күндері жұмыс істеуіне тыйым салындады», деді Сархат Бейсенова.