Күшті жел бірнеше талды, жарнама бағандарын құлатып, дүкен терезелерін сындырды. «Осы уақытта Мәскеудің бірнеше көшесін су басқаны белгілі. Осы себепті көлік байланысы қиындады.
Сондай-ақ «Ясенево» метросын да су басып, пойыздар тек «Теплый стан» мен «Новоясенево» арқылы ғана қатынауда», деді ТАСС агенттігінің дереккөзі.
Бұған қоса, күшті жел бірнеше талды, жарнама бағандарын құлатып, дүкендердің әйнектерін зақымдады. Жазғы дәмханаға келушілерді сыртқа шығаруға тура келді. «Щелководағы сауда орталығының шатырын жел көтеріп кетті. Зардап шеккендер жоқ», деді қала тұрғыны.
Сонымен қатар, Новокосинода құрылысы жүріп жатқан тұрғын үйдің жылытқыш материалдарн жел ұшырып әкетті. Сондай-ақ Новоясеневск даңғылындағы «Калита» сауда үйі мен GreenPark тұрғын үйін су басты.