Салтанатты іс-шараның ашылу рәсімінде сөз алған Аида Ғалымқызы барша журналист қауымын мерекемен құттықтап, БАҚ-тың мемлекет дамуындағы рөліне қысқаша тоқталып өтті. «Бұқаралық ақпарат құралдары – тек қана ақпаратты жеткізетін құрал емес, ең бастысы идеологиямыздың, ұлттық қауіпсіздігіміздің өзегі. Елге қызмет етуде күндіз-түні аянбай еңбек етіп жүрсіздер. Халыққа қызмет – кәсіби ақпаратты дер кезінде жеткізу, мемлекеттік саясатты жеткізу. Мемлекеттік саясаттың негізінде халықтың әл-ауқатын көтеру, тұрмысын сапалы ету жатыр. Сонымен қатар күнделікті халықтың көкейкесті мәселелерін шешуде аянбай қызмет етіп келе жатырсыздар. Сіздердің материалдарыңыз арқылы тек қана қоғамдық-саяси, экономикалық өзгерумен қатар әр жеке адамның да өмірін өзгертіп, иә болмаса, өмірін құтқарып жатқан жайттар бар. Сондықтан бүгінгі кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын. Әрқайсыңыздың арттарыңызда тұтас ұжым тұр. Сіздер арқылы сол ұжымдарыңызды құттықтаймын», деді
Аида Балаева.
Аталған жиында «Хабар» телеарнасының директоры Динара Бисембина, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ журналистика және саясаттану факультетінің деканы Қайрат Сақ, «Айқын» газетінің шығарушы редакторы Гүлзина Бектасова, «Egemen Qazaqstan» газетінің ардагер фототілшісі Орынбай Балмұрат, журналист Махаббат Исенова, «Қазмедиа» аппа-
раттық-студиялық кешенінің жетекші инженері Евгений Гайзер, Qazaqstan телеарнасы Qareket бағдарламасының продюсері Самал Айдаболова, «Казахстанская правда» республикалық газетінің арнайы тілшісі Дулат Молдабаев, «Талдау және ақпарат» орталығының жаңа медианы мониторингтеу басқармасының басшысы Абылай Тұрлыбеков, Qazaqstan ұлттық телеарнасының ақпараттық-талдамалық бағдарламалар дирекциясының тілшісі Асима Бұхарбаева, Орталық коммуникациялар қызметінің ана-
литикалық қызмет басшысының орынбасары Олег Рябченко, М.Нәрікбаев атындағы ҚазМЗУ басқарма төрағасының орынбасары Ерболат Мұхамеджан «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай бірнеше БАҚ өкілі мен басшыларына наградалар табыстады.
Санитариялық авиация қызметі 1874 ұшуды орындаған
Медицина • Бүгін, 18:38
Ел азаматтары тағы бір елге визасыз бара алады
Туризм • Бүгін, 17:45
Қазыналы қариялар редакцияда қонақта
Мәдениет • Бүгін, 17:30
Цифрлық даму министрлігі 1 млн адамды жасанды интеллект технологиясына оқытады
Оқиға • Бүгін, 17:15
Еліміздегі 2,8 мың шақырымнан астам теміржол жөнделді
Оқиға • Бүгін, 16:50
Математиктер отбасының формуласы
Отбасы • Бүгін, 16:36