АҚШ жақында Ирак пен Сириядағы Иран қолдайтын қозғалыстарға қарсы бірқатар әуе шабуылын ұйымдастырды. Бұл әрекетке АҚШ-тың Ирактағы объектілері мен әскеріне жіберілген басқарусыз ұшақтар себеп болып отыр.

Жексенбі күнгі мәлімдемесінде АҚШ әскері нысана ретінде Сириядағы бірнеше нысан мен оқ-қару қоймасын, Ирактағы бір нысанды көздегенін хабарлады.
Мәлімдемеде шабуылдың салдарынан қанша адамның қаза тапқаны туралы ақпарат берілмеді. Дегенмен Сириядағы адам құқықтары мәселесін қадағалайтын британиялық ұйым оқиғадан ең кемі бес адамның көз жұмғанын, бірнеше кісінің жарақаттанғанын мәлімдеді. Сириялық SANA мемлекеттік ақпарат агенттігі 3 адамның және 1 баланың өлтірілгенін жазды.
Бұл тапсырманы президент Джо Байденнің өзі берген. Бес ай бұрын сайланған президент осымен екінші рет Иранға шабуыл жасауды бұйырған.
«АҚШ қажет, орынды шешім қабылдап отыр. Бұл эскалация тәуекелін төмендетеді. Сонымен қатар осылайша ашық үндеу тастады», деді Пентагонның баспасөз хатшысы Джон Кирби.
«Нысанның Иранға тиесілі болуының да себебі осында» деп түсіндірді Кирби.
Ирак полициясы болса, The Associated Press басылымына ел астанасы Бағдатта 4 полицейдің қаза болғанын хабарлапты. Оқиға Сириямен шектесетін аймақта болған. Марқұмдар Иран тарапын қолдаған көрінеді. Ирак полициясы «біз өз халқымызды қорғаймыз және кез келген жағдайға жауап беруге дайынбыз» деп отыр.
Жыл басталғалы Ирак АҚШ-қа қарсы 40 шабуыл жасаған көрінеді. Осы оқиғалардан соң Ислам мемлекетіне қарсы іс-қимыл жүргізген АҚШ-тың екі 500 жауынгері кері қайтарылған.
Иран Сыртқы істер министрі Саед Хатибзаде бұл шабуылға қатысты пікір білдірді. «АҚШ аймақтағы қате саясатын әлі де жалғастырып келеді. Бүгінгі шабуыл бұған дейінгі президенттің санкциясы ғана емес, қате саясаты әлі де қолдау тауып отырғанын көрсетті», деді ол.
Бүгінгі таңда Иракта АҚШ-тың 2 500 жауынгері бар. Reuters агенттігіне сұхбат берген АҚШ-тың екі өкілі Иран әскері де қарсы жауап беріп, 5 зымыран жібергенін айтты.
АҚШ F-15 пен F-16 жойғыш ұшақтарын жіберген екен. Бір қызығы, Байден әкімшілігі Иранмен 2015 жылғы ядролық келісімін қайта қолға алғысы келеді. Сарапшылар бұл тұрғыда Иранға сенуге болмайтынын ескертеді. Ал басқарусыз ұшақтармен жасалған шабуыл арқылы Иран еш уақытта Ирак пен Сирияда АҚШ-тың болуын қолдамайтынын білдірді деп түсіндіреді. Дегенмен Байденнің өзі соңғы әскери әрекетке қатысты пікір айтудан бас тартты.
АҚШ Қорғаныс министрінің бұрынғы хатшысы Лоуренс Корб шабуылды «Байденнің жанама үндеуі» деп болжайтынын айтты. Мұны ол Байден көксеген ядролық келісімді қайта қарастыруға себеп дейді.
«Бұлай деуге негіз көп. Өйткені ол алғашқы соққыны қызметіне ресми кіріскеннен кейін бір айдан кейін жасады. Менің ойымша, бұл тегін емес және оны белгі ретінде қабылдау керек. Ядролық келісімнің 7-раунды қарсаңында тағы бір соққының ұйымдастырылуы да тегіннен емес», деді ол.
Ирак үкіметі болса, америкалық әскердің зымыранына шабуыл жасап, жергілікті демократ белсенділерді өлтірген Иранмен идеологиялық байланысы бар топтармен күресуде.
Маусымның басында Иранды қолдайтын Ирак милициясының қолбасшысы Қасым Муслих террорлық шабуылдарға қатысы бар деп айыпталып, тұтқындалды. Үкімет үйін тінту кезінде қажетті дәлелдер табылған.
Конгрестің өкілдер палатасының спикері Нэнси Пилоси өз мәлімдемесінде «АҚШ шабуылы белгілі бір қауіпке қарсы мақсатты әрекет болып саналады. Біздің тәуелсіздігіміздің сақшылары – қаһармандарды қорғау негізгі басымдығымыз» деді.
Құқықтық мемлекетте біліксіз заңгерлерге орын жоқ
Қазақстан • Бүгін, 00:35
Демократияға бастайтын тура жол
Референдум-2022 • Бүгін, 00:31
Экономика қайтсе еңсе тіктейді?
Экономика • Бүгін, 00:31
Тозған жылу электр орталықтарын жаңғыртсақ игі
Қазақстан • Бүгін, 00:03
Банк операцияларын реттейтін платформа
Қаржы • Кеше
Президент саябағына сакура егілді
Қоғам • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Қоғамды үлкен өзгерістер күтіп тұр
Референдум-2022 • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен кездесті
Президент • Кеше
Ахаң жайлы айтады ел қызықты аңыз
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Басты талап – әділ шешім қабылдау
Қоғам • Кеше
Қаржы пирамидасы: қауіп пен қатер
Қоғам • Кеше
Білім • Кеше
Орталық Азияда жоғары білім аймағы құрылады
Білім • Кеше
Өнер • Кеше
«Қасым хан» көрерменін қуанта ала ма?
Кино • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан • Кеше
Өнер • Кеше
Криптовалюта: Тәуекелі жоғары, болашағы бұлыңғыр
Қаржы • Кеше
Бес боксшымыз – жартылай финалда
Спорт • Кеше
Әдебиет • Кеше
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда бүлдіршіндер балабақшадан қашып кеткен
Қоғам • Кеше
«Атырау-Ақпарат» медиасеріктестігіне жаңа басшы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Каспий теңізіне үш адам батып кеткен
Аймақтар • Кеше
Елордада құрылыс алаңында жұмысшы қайтыс болды
Қоғам • Кеше
Атырауда бекіре аулаған браконьерлер ұсталды
Аймақтар • Кеше
Тимофей Скатов кезекті турнирді жеңіспен бастады
Теннис • Кеше
Текелі лай көшкінінен тазартылып жатыр
Аймақтар • Кеше
Қаңтар оқиғасы кезінде дүкен тонаған жігіт сотталды
Қоғам • Кеше
Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Ұқсас жаңалықтар